$540.84 €634.46 ₽6.43
×

Атырауда Мемлекеттік рәміздер күніне орай 600 қала тұрғыны мемлекеттік әнұранды орындады

AstanaTV
04.06.2014ж. 13:00
Атырауда Мемлекеттік рәміздер күніне орай 600 қала тұрғыны мемлекеттік әнұранды орындады

Елімізде мемлекеттік рәміздер күні аталып жатыр. Бүгін Атырауда бір мезетте алты жүз адам Қазақстан Республикасының әнұранын шырқады. Орталық Исатай-Махамбет алаңына жиналғандар мемлекеттік рәмізге осылайша құрмет көрсетті.

«Рәміздерім - елдіктің нышаны, бірліктің ұраны» деп аталған көпшілік шараға оқушылар, студенттер, мемлекеттік қызметкерлер мен қарапайым тұрғындар қатысты. 1992 жылдың 4 маусымында қабылданған рәміздерді 22 жылдан бері Қазақстанның бейбіт елі қастер тұтып келеді. Атыраулықтар осы атаулы күні бір мезгілде әнұран шырқауды жыл сайынғы дәстүрге айналдырған.

Базаргүл ІЗІМОВА