Испанияда он мыңнан астам адам
референдум өткізуді талап етіп Мадрид көшелеріне шықты. Оларды елдің 60-тан
астам қалаларының тұрғындары қолдауда. Испандықтар монархиядан бас тартып, республикалық
басқаруға көшпек.
Жиналған жұрт 1931 жылы жарияланған екінші
испан республикасының жалауын желбіретуде. «Бурбондар
кетсін», «Испания республикалық болуы тиіс», - деген ұрандар айтылуда.
Айта кетейік, Испания - конституциялық монархия формасын
ұстанады. Қазір Испания билігі қала орталығына полиция жасақтарын жинады.
Еске
салайық, 39 жыл бойына тақта отырған Испания королі Хуан Карлос кеше өз орнынан
бас тартып, ұлы - принц Фелипеге жол берген-ді. Дәл
қазір Испанияны республика ретінде жариялау - ең қолайлы сәт. Монархия бүгінде
ескірді. Бұған қоса ол өте қымбат.
Жұрағат БАМАН