Елімізге өткен жылдары 11 мың 171
қытайлық келген. Бұл көрсеткіш республикамыздан шыққан Қытай азаматтары санымен
салыстырғанда, айтарлықтай көп. Осындай мәліметті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
шекара қызметі жариялап отыр, - деп хабарлайды «ҚазТАГ» агенттігі.
Ресми ақпараттарға сүйенсек, ағымдағы
жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстанға түрлі мақсатпен 41 мың 735 Қытай
азаматтары келген екен. Көршілес мемлекет азаматтары көп жағдайда жеке мақсатта
келсе, биылғы жылы олардың 4 мың 733-і - қызмет бабымен, 3 мың 918-і - турист
ретінде, қалғандары тұрақты мекен етуге келген.
Тағы бір айта кетерлік жайт, қытайлықтардың
Қазақстанға инвестициялық мақсатта және ем қабылдауға келмейтіні аңғарылады.