Қазақстан Қашаған кенінің
тоқтатылуынан қазынаға түспейтін қаражаттың орнын өзге кен орындар өндірісін
арттыру арқылы толтырмақ. Бұл туралы Экономика және бюджетті жоспарлау министрі
Ерболат Досаев мәлімдеді.
Жобаның тоқтатылуынан еліміз 81,8
миллион тонна мұнай өндірісімен 2014 жылға жоспарлаған 83 миллион тонна
межесіне жете алмау қаупінде тұр. Бұдан бұрын Досаев Қашағандағы жұмыстардың
тежелуінен Қазақстан 2014 жылы жалпы ішкі өніңмнің 0,5 пайызынан қағылуы мүмкін
деген болатын.
Еске салайық, Қашағанда мұнай өндірісі
өткен жылдың қыркүйек айында құбыр бойындағы көптеген жарықшалардың пайда
болып, газдың сыртқа төгілу себептерінен тоқтатылған болатын.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ