Қостанай медициналық колледжінің
студенттері Еуразиялық интеграция жөнінде біраз мәліметтермен танысты. Жастармен
«нұротандықтар» кездесті.
Партия өкілдері Еуразиялық
экономикалық одақ туралы түсіндіріп, қатысушы мемлекеттерге қандай пайдасы
барын баяндады. Қолына диплом алған жастарға экономикалық интеграция алып еңбек
нарығында мол мүмкіндік ашатынын атап өтті.
Абылайхан Кәкенов, «Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық
филиалының кеңесшісі:
Елбасы «Нұр Отан» партиясының төрағасы жастарға үлкен үміт артып отыр,
сондықтан, тек осы медицина колледджімен шектелмей, облыстың барлық жұмысшы
жастарымен кездесуді көздеп отырмыз.
Мөлдір ДҮЙСЕКИНА