Атырауда балабақшаға қол жеткізе алмаған ата-аналар қалалық білім
бөлімінің алдында дау көтерді. Олар тіпті тәртіпке шақыруға келген полиция
қызмектерлеріне дес бермеді.
Қорланып жүрміз біздер 4 жылдан бері. Баланы балабақшаға апара алмаймыз.
Бала бәлен рет балконнан түсіп кете жаздады. Үйде өзін кілттеп кеткенде. Баланы
қарайтын адам жоқ.
Кеше балабақшаға биыл қабылданатын бөбектердің тізімі жарияланған болатын.
Үмітпен келген ата-аналардың көпшілігінің көңілі бірден су сепкендей басылған.
Айтуларынша, тізімге ілінбей қалғандар арасында 4 жасқа толатын балалар бар.
Есесіне 2013 жылы дүниеге келген сәбилер балабақшаға баратындардың тізімінде
тұр. "Енді бір балғынның есімі тізімнің 3 жолын алып тұр", - дейді ашулы
ата-аналар.
Олар білім бөліміне кіруге ұмтылғанымен, қатал күзет тосқауыл
қойды. Тәртіпті реттеу үшін
көмекке қосымша полицейлер шақыртылған. Атырау қалалық әкімдігі аталған
жағдайға қатысты қандай да бір түсінік беруден бас тартты.
Айта кетейік,
Атырауда еліміздің өзге өңірлері секілді мектепке дейінгі мекемемен қамту
мәселесі өткір тұр. Тек шаһарда биылғы қамтылған балаларды есептемегенде әлі 10
мыңнан астам сәби балабақша кезегін кұтіп жүр.
Баян Бақаева:
Арызды 2011 жылдың қарашасында бердім. Тізімде жоқпын. Тізімде 2012 жылғылар жүр жеңілдікпен деп. Бастыққа айттым 2012 жылғылар жеңілдікпен деп
жазылған, соның бәрін тексеремін деді. Менің де төрт балам бар, маған жеңілдік
берген жоқ. Тізімде жоқпын. Тексерсін бәрін дұрыстап. 4 баламен қаңғып жұмысқа
шыға алмай отырмыз.
Базаргүл ІЗІМОВА