«ҚазАтомПром» қатар еліне кремний және
күн энергиясын өндіретін ұяшықтар мен пластиналар жеткізіп тұру жөнінде Qatar
Solar Energy-мен меморандумға қол қойды.
Астанадағы күн панельдерін өндіруші Solar
Астана зауытында болған келісімге Қазақстан, Катар және Америка тараптары
қатысты. Біздің елден маңызды құжатты «ҚазАтомПром» ұлттық компаниясы
төрағасының кеңесшісі Азат Бетекбаев қабылдады.
Меморандум Катар елімен жаңартылған
энергия көздерін өндіру саласындағы стратегиялық серіктестікті бекіте түсуге
бағытталған.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ