$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Мұнай өнімдері саудагерлері келер айдан ЖЖМ бағасы қымбаттайды деп болжайды

AstanaTV
04.06.2014ж. 20:00
1153
Мұнай өнімдері саудагерлері келер айдан ЖЖМ бағасы қымбаттайды деп болжайды

АИ-92 маркілі бензиннің бір литрі алдағы шілде айынан бастап кемінде 120 теңгеден сатылуы мүмкін. Шымкенттегі жанар-жағармай қауымдастығының төрағасы осындай болжам жасап отыр.

Қайыпбек Қамбаров, ОҚО жанар-жағармай стансалары қауымдастығының төрағасы:

Июль айында, менің ойымша, кемінде төрт-бес теңгеге көтерілетін шығар деген ойдамыз. Оны қазір шын мәнінде кәсіпкерлердің ортасында болып жатқан әңгіме. Бірақ солай болу керек шығар деген ойдамыз. Ведомствоаралық комиссияның сондай бір хаттамасы бар, сол хаттамада жазылған осы. Енді көтеру керек. Неге десеңіздер, ол дұрыс нәрсе. Қаншалықты көтеретіні - ол екінші мәселе.

Қазір май құю бекеттерінде АИ-92 маркілі бензиннің бір литрі 115 теңге. Кейбір жанар-жағармай стансалары 113 теңгеден сатып жатыр. Бұл өткен жылдан бері сақталып тұрған баға. Қауымдастық төрағасының пікірінше, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болған біздің ел экономикалық қарым-қатынасы жоғары көрші мемлекеттер арасында мұнай өнімдерінің нарқын біртіндеп болса да теңестіруге мүдделі деген ойын жасырмады. Бұл өз кезегінде нарықтық бәсекелестіктің заңы.

Әрі көрші Ресейде 140-150 теңгеден сатылып жатқан жағармай бізде енді ғана 115 теңгеге жеткен. Сондықтан жанар-жағармай тапшылығын тудырмаудың бір жолы бағаны көтеру деген ойда. 

Қайыпбек Қамбаров, ОҚО жанар-жағармай стансалары қауымдастығының төрағасы:

Мына кешегі біздің Еуразиялық одаққа мүше болып кіргеніміз, онан кейін біздің Кедендік одаққа мүшеміз. Сондықтан үш мемлекеттің арасында болып жатқан үлкен экономикалық қарым -қатынастар ол бізге де әсерін тигізеді. Оған қасымыздағы Ресей мемлекетінде қарасақ, бағаларға біздің де бағалар шекараларды ашып қойғаннан кейін, осы уақытқа дейін болып келген дүние ғой.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ