$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Түркия Қырғызстанның Кеден одағына қосылуын құптайды

AstanaTV
04.06.2014ж. 20:00
1266
Түркия Қырғызстанның Кеден одағына қосылуын құптайды

Түркия Қырғызстанның Кеден одағына қосылуын құптайды. Премьер-министрі Реджеп Тайып Ердоған осыны мәлімдеді. Бұл туралы Интерфакс агенттігі хабарлады. Түркия үкіметі басшысының айтуынша, "Интеграция республиканың экономикалық ахуалын арттыруға оң ықпал етеді."

Түрік тарапы Америка әскерилері босататын Қырғызстандағы "Манас" әуежайын күрделі жөндеуге қатысуға ниеттеніп отыр. Сәуірде елдің премьер-министрі Жомарт Отарбаев Бішкектегі әуежайды жөндеуге 8 оператормен арада келіссөз жүріп жатқанын хабарлаған. Оның ішінде ресейлік "Роснефть" те бар. Сондай-ақ, Қытайдан да ұсыныс түскен. Қырғыз үкімет ұсыныстарды сараптап, жақын арада тиімдісін таңдамақ.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ