$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Астанадағы ХҚКО-тарын полиция жасақтары күзетуге мәжбүр болды

AstanaTV
05.06.2014ж. 10:00
1426
Астанадағы ХҚКО-тарын полиция жасақтары күзетуге мәжбүр болды

Астанада баспана үшін жаға жыртыс. Жас отбасыларға арналған жалдамалы баспанаға құжат тапсыру шарасы қып-қызыл дауға ұласты. Тізімге ертерек ілігуді қалағандар ХҚКО-ның алдында тағы да дау шығарды. Бұдан соң ОМОН қызметкерлерін шақыруға тура келді. Қазір құжат қабылдап жатқан орталықты полция жасақтары күзете бастады.

Орталық мамандарының айтуынша, жас отбасыларға жалдамалы пәтерлерді бөлу кезінде олардың құжат тапсыру мерзімі есепке алынбайды. Мұны жиналғандарға түсіндіргеннен пайда болмапты.

Айта өтейік, елордада жалдамалы пәтерге құжат тапсыру 14 маусымға дейін жалғасады. Бұл уақыт аралығында ХҚКО-ында ОМОН қызметкерлері кезекшілік ететін болды.

Белгілі болғандай, кезегін күткендер түні бойы тарқамауда, тіпті, таңды орталық маңында атырып жатқандары да бар. Бірінші күні 830 отбасы құжат тапсырған, екінші күні - 592, 4 маусым күні 310 құжат жиналыпты. Ал жалға берілетін пәтерлердің саны 672 ғана.

Илхам ИБРАГИМ