«EXPO-2017» көрмесінің құрылысына жазасын өтеушілер де атсалыспақ. Ал егер құрылыс жұмыстары кезінде өзгелерге үлгі бола
білсе, сотталғандар шартты түрде босатылуы мүмкін. Осылайша, Қазақстанда өтетін «EXPO-2017»
көрмесі бас бостандығынан айырылғандарға да
зор мүмкіндік болайын деп тұр. Бұл туралы Астана қалалық прокуратура өкілдері
хабарлады.
Белгілі болғандай, көрмені
ұйымдастырушы ұлттық компания және қылмыстық атқару жүйесі өкілдері бірлескен
меморандумға қол қойған.
Мамандардың айтуынша, құрылысқа
тартылатын сотталғандардың еңбекақысы, Қазақстандағы ең төменгі жалақыдан аз
болмайды.
Илхам ИБРАГИМ