$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Сириядағы сайлауда Башар Асад жеңіске жетті

AstanaTV
05.06.2014ж. 10:00
1193
Сириядағы сайлауда Башар Асад жеңіске жетті

Сириядағы президент сайлауында Башар Асад жеңіске жетті. Сайлаушылардың 88%-дан астамы қазіргі мемлекет басшысын қолдап дауыс берген, деп ақпарат агенттіктері хабар таратып жатыр. Бұл 15 млн халықтың 10 млн 200 мыңы мемлекет басшысын қолдады деген сөз.

Айта өтейік, Башар Асад 2000 жылы әкесі қайтыс болған соң билікке келді. Ал соңғы 4 жылдан бері Сирияда қиян-кескі ұрыс болып жатыр. БҰҰ-ның мәліметі бойынша, осы қан төгістер салдарынан 150 мың адам ажал құшқан.

Ал, бүгін таңертең G7 мемлекет басшылары Асадтың президент ретінде болашағы жоқ деп бағалады. Сондай-ақ, сайлау қорытындысын мойындамаймыз, деп отыр.

Илхам ИБРАГИМ