$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Тәжік-ауған шекарасын айқындағы ТМД елдері басшылары да атсалыспақ

AstanaTV
05.06.2014ж. 10:00
1567
Тәжік-ауған шекарасын айқындағы ТМД елдері басшылары да атсалыспақ

ТМД елдерінің басшылары Тәжікстанға Ауғаныстанмен екі арадағы шекара бекінісін күшейтуге қол ұшын беретін болды. Бұл ақпаратты жуырда АҚШ та растады.

ТМД елдерінің атқару комитетінің ақпаратына сәйкес, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан басшылары ортақ құжатқа қол қойды. ТМД елдері мен Ауғаныстанның арасындағы шекара 1344 шақырымды құрайды. Бұл келісім алдымен, НАТО әскерінің Ауған елінен кетуімен байланысты. Кабулда және Баграм базасында шоғырланған АҚШ күштері елден кеткеннен кейін террористтік шабуылдардың қаупі күшейе түседі.

Сондай-ақ, күтілгендей, Ауғаныстан мен АҚШ арасында қауіпсіздік туралы келісімге әлі де болса қол қойылған жоқ. Сондықтан, Тәжікстан үшін шекара қауіпсіздігі басты мәселеге айналды.

Самат ҚАНАҒАТОВ