Қазақстан топан судан зардап шеккен
Алтай өңіріне гуманитарлық көмек көрсетті. Резеңке етіктер, жылы заттар және
тамақ өнімдерін тиеген автокеруен Ресейге жол тартты.
Су тасқынынан зардап шегіп отырған
Алтай өңіріне көршілес жатқан Шығыс Қазақстан облысы, оның ішінде Бородулихин,
Шемонаиха, Зырян және Бесқарағай аудандары көмек көрсетті. Алтай өңірінде апат салдарынан 5 мыңға жуық тұрғын үй су
астында қалды. Барнаул және Бийск қалаларының маңындағы елді мекендерді су
шайып, егіс алқаптары жарамсыз боп қалды. 13 мың тұрғын уақытша басқа жерге
қоныс аударуға мәжбүр. Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі қалпына келтіру
жұмыстарын қолға алды.
Қазіргі уақытта жапа шеккен аймақтарда
мыңнан аса құтқарушы мен 200-ге жуық техника жұмыс жасауда.
Самат ҚАНАҒАТОВ