$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Рамазан айындағы пітір-садақа мөлшері белгілі болды

AstanaTV
05.06.2014ж. 10:00
1265
Рамазан айындағы пітір-садақа мөлшері белгілі болды

Алдағы Рамазан айында берілетін пітір-садақа мөлшері белгілі болды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, биыл еліміз бойынша пітір-садақа 200 теңге болып белгіленді.

Діни басқарманың Төралқа мәжілісінде еліміздің әр аймағындағы бидай бағасы ескеріле отырып, осындай пәтуа жасалған.

Айта өтейік, биыл он екі айдың сұлтаны қасиетті Рамазан айы маусымның 28 күні басталады.

Илхам ИБРАГИМ