$527.3 €544.86 ₽4.95
×

Қытай теракт туралы алдын ала жеткізілген хабар үшін 32 мың доллар көлемінде сыйақы тағайындады

AstanaTV
05.06.2014ж. 13:00
1754
Қытай теракт туралы алдын ала жеткізілген хабар үшін 32 мың доллар көлемінде сыйақы тағайындады

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясының билігі теракт туралы алдын ала жеткізілетін хабар үшін 32 мың доллар көлемінде сыйақы тағайындады. Өлкенің қоғамдық қауіпсіздік басқармасы әзірленіп жатқан террорлық акт туралы дер кезінде хабарлаған адамға 5000-нан 200 мың юанге дейін төлейді, - деп «Синхуа» агенттігі хабарлады.

Теракт туралы хабар расталған жағдайда және жеткен хабар қылмыстың алдын алуға көмектессе ғана сыйақы төленеді делінген, полицияның түсініктемесінде. Лаңкестік пиғылмен қару-жарақ сатып алу, террористерді қаржыландыру, жарылғыш заттарды әзірлеу сияқты әрекеттерді білген-көрген адамдардың дерегі де полиция үшін пайдалы болмақ. Юньнань провинциясы билігі бұл қадамға терроризмге қарсы күрес науқаны аясында барып отыр. 4-маусымда басталған науқан бір жылға созылады.

Еске салайық, 1-наурызда бір топ адам Куньмин вокзалында қарапайым жолаушыларға қатігездікпен шабуыл жасады. Пышақпен қаруланғандар 29 адамды өлтірді, 143 адам жарақат алды.