Әлемдегі ең ірі алтын
пайдаланушы - Қытай елі, шетелдік инвесторларды Шанхайдағы еркін сауда
аймағындағы бағалы меттал операцияларына кіруіне рұқсат бермек. Бұл туралы
Блумберг агенттігі хабарлайды.
Бұндай қадам аспан асты елінің
алтын нарығындағы позициясын нығайту мақсатында жасалып отыр. Қытай өзінің
орасан зор алтын-валюталық қорына қарамастан, әлемдік нарықтағы орны осал және
елдің баға саясаты да нашар. Осы ретте шетелдік есеп-шоттары қытайлық валютада
болған азаматтар 999 сынамасы бар алтын фьючерстерін қоса, бірнеше
келісім-шарттарын саудау мүмкіндігіне ие болып отыр.
Алайда, Шанхайда сатып алынған
алтынды Қытайдың қалған аймақтарына жеткізудегі қиындықтар, инвесторларды үркітіп
алу қаупін тудыруда. Себебі, қымбат металл импорты елдің орталық банкінің
квоталарымен ғана өткізіледі.
Стандарт Чартерд
сарапшыларының бағалауынша, наурыз айының көрсеткіштері бойынша Қытайдан
тысқары аймақта 240 миллиард доллар айналымда болған.