$499.51 €525.83 ₽4.62
×

2013 жылдан бері 300-ге жуық түрлі деңгейдегі жемқор басшы қылмыстық жазаға тартылды

AstanaTV
05.06.2014ж. 20:00
1234
2013 жылдан бері 300-ге жуық түрлі деңгейдегі жемқор басшы қылмыстық жазаға тартылды

Елімізде 2013 жылдан бері 300-ге жуық түрлі деңгейдегі жемқор басшы қылмыстық жазаға тартылыпты. Олардың 22-сі республикалық деңгейдегі шен иелері болса, 83-і өңірдегі шенділер.

Өткен жылда жемқорлық және экономикалық қылмыстар бойынша 10 мыңнан астам іс тіркеліп, тергелсе, ағымдағы жылдың 5 айында 5 мың қылмыс анықталып отыр. Қолының сұғы бар жауаптылар бір жарым жылдың ішінде 300 миллиард қаражатты қолды қылыпты. Қазіргі таңда еліміздің қаржы полициясы қызметкерлері қомақты соманы мемлекет қазынасына қайтару жолында  жасап жатыр. Әзірге 300 миллиардтың теңгенің 157 миллиардын қазынаға қайтару бойынша шара қолданылыпты.

Марат Ахметжанов,  ҚР ЭСЖҚК агенттігі төрағасының орынбасары:

Жүйелі түрде жасалып келген жемқорлық қылмыс бойынша 442 азаматқа қатысты 600 қылмыстық іс қозғалды. 10 іс мемлекеттік қызметкерлердің ұйымдасқан қылмыстық топ құруы бойынша тергелуде. Мемлекеттік сатып алулар саласында 784 заң бұзушылық жол берген 448 мемлекеттік қызметкер анықталды. Сонымен қатар соңғы бір жарым жыл ішінде кеден қызметінде 66, салық комитетінде жүзден астам жемқорлық қылмыстың беті ашылды.

Сонымен қатар, агенттік төрағасының орынбасары  елімізде белсенді азаматтардан түсетін "домалақ арыздардың" арқасында әшкере болған қаржылық қылмыстардың саны артқаны айтады. Ақпаратына ақы алғысы келетін азаматтар жемқорлық көрсеткіші бойынша алғашқы орында тұрған оңтүстік өңірде көптеп кездесетін көрінеді. Марат Ахметжановтың сөзінше, азаматтық белсенділік "сөз тасу" емес, қоғамға қауіпті дерттің алдын алу құралы.

Адам осындай сыбайлас жемқорлыққа белгісі бар хабарламалар бергені үшін 25 миллион теңге сыйақы оларға бердік.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ