$527.3 €544.86 ₽4.95
×

"Самұрық-Қазына" қоры биыл құны 3 миллиард доллар болатын он алты жобаны тапсырады

AstanaTV
05.06.2014ж. 20:00
1194
"Самұрық-Қазына" қоры биыл құны 3 миллиард доллар болатын он алты жобаны тапсырады

"Самұрық-Қазына" әл-ауқат қоры биыл құны 3 миллиард доллар болатын он алты жобаны тапсырады. Оның ішінде Атырау мұнай өңдеу зауытында күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау жобасы да бар. Зауыт осыдан кейін Еуро-4, Еуро-5 талаптарына сай жанармай шығара бастайды.

Бүгін қор басшылығы ірі жобаларға инвестиция тарту мәселесін талқылады. Қазіргі таңда "Самұрық-Қазына" жалпы құны 146 миллирад долларға тең 163 жобаны жүргізіп отыр. Жобаларға құйылған әр долларға қосымша үш доллар инвестиция тартылған. Өткен екі жыл ішінде "Самұрық-Қазына" компаниялар тобы 4,3 миллиардқа 29 жобаны іске қосты. Нәтижесінде 10 мың жұмыс орны ашылған. Ірі жобалар қатарында Мойнақ су электр стансасы, Жетіген-Қорғас, Өзен-Түркіменстан шекарасын жалғаған темір жол желісі, локомотив, электровоз құрастыру зауыттары мен аффинаж зауыты бар. 

Берік Бейсенғалиев "Самұрық-Қазына"ҰӘҚ" АҚ бизнесті дамыту жөніндегі бас директоры, басқарма мүшесі:

Ерейментаудағы желмен жүретін электростанция 45 МегаВатт күш қуаты бар. Жылдың аяғына дейін іске қосамыз. Кейін ол "Экспо"-ны электр энергиямен қамтамасыз ететін болады. Тағы да біз арқылы жасыл орам үлкен аймақта 135 шаршы метрде салынып жатыр. Жартысы тұрғын үй, жартысы коммерциялық обьектілер. Өзгешелігі - обьектілердің барлығы инновациялық материалдардан.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ