$527.3 €544.86 ₽4.95
×

Жапон билігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар енгізуге қарсы

AstanaTV
05.06.2014ж. 20:00
1190
Жапон билігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар енгізуге қарсы

Жапон билігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар енгізуге қарсы. Бұл туралы Жапония министрлер кабинетінің хатшысы Есихидэ Суга  мәлімдеді. Ол Ресей мен Украинаның жаңа билігі өзара тіл табысарына сенімді.

Ал осы сәтте Брюссельде өтіп жатқан Үлкен жетілік елдерінің саммитінде бірқатар Еуропа елдерінің басшылары Мәскеуге қарсы жаңа шектеулердің енгізілуін жоққа шығармайды.  Ангела Меркель егер келіссөзден нәтиже шықпаса, санкцияға жүгінуге тура келетінін мәлімдеді.

Айта кетейік, G7 саммитінің алғашқы күні Ресей мен Украина тақырыбына арналды. Екі күндік жиын 17 жыл ішінде алғаш рет Ресейдің қатысуынсыз өтуде. Бұл туралы саммит мүшелері Қырым Ресейге қосылған соң, наурыз айында мәлімдеген. Бұдан бөлек "жетілік" елдері сыртқы саясат, экономика, сауда мен энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін сөз етеді. Әсіресе соңғысы Мәскеумен арадағы "араздықтан" кейін, Еуропаға қиындық туғызып тұр.

Ангела Меркель,  ГФР канцлері:

Біз Украинаға қолдау көрсеткіміз келеді. Ресеймен арадағы келіссөздерден нәтиже болмаса, санкцияға жүгінеміз. Осыған келістік. Сондай-ақ Ресей сепаратистерімен шекара арқылы өтетін қару-жарақ тасымалын тоқтатуы тиіс.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ