Украинаның
жаңа сайланған президенті инаугурациясына Қазақстан атынан кім баратыны әлі
белгісіз. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысына сілтеп,
"Интерфакс" хабарлады.
Министрліктің баспасөз хатшысы Нұржан
Айтмаханов Киевтен шақырту түскенін растады. Бірақ қазіргі уақытта Украинаның
сайланған президенті Петр Порошенконың инаугурациясына нақты кімнің баратыны
әлі талқыланып жатқанын хабарлады. Инаугурация рәсімі 7 маусымға
жоспарланған.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА