$527.3 €544.86 ₽4.95
×

Алматыда отбасылық бизнесті дамытудың II аймақаралық форумы өтуде

AstanaTV
05.06.2014ж. 20:00
1630
Алматыда отбасылық бизнесті дамытудың II аймақаралық форумы өтуде

Алматыда отбасылық бизнесті дамытудың 2-ші аймақаралық форумы өтуде. Осымен екінші мәрте ұйымдастырылып отырған шараға 50 астам компания мен 300 жуық делегат қатысты.

Яна Исакова, Қазақстан отбасы бизнесін дамыту қауымдастығының бас директоры:

Бүгінгі форумға қатысушылар негізінен өндірістік кәсіпорындардың өкілдері мен отбасы бизнесін дамытып отырған кәсіпкерлер. Олар бүгін өздері өндіріп жатқан тауарларын әкеліп жұртшылық назарына ұсынып отыр. Өздеріңіз көріп тұрғандай, көрмеге қойылған тауардың бәрі құнды, әлемде теңдесі жоқ заттар. 

Форумға тек отандық өндірушілер ғана емес, Ресей мен Болгариядан келген кәсіпкерлер мен сарапшылар да қатысты. Жиналғандар отбасылық бизнесті жүргізудің тетіктері, кедергілері мен жетістіктері бойынша ойларын ортаға салып, өзара тәжірибелерімен бөлісті. Дегенмен, отандық кәсіпкерлер өз тауарларының нарықтағы айналымын ұлғайтуды мақсат етеді. Осы мақсатта шараға ат салысқандардың бірі - кәсіпкер Серік Ахметов. Ол  Қазақстандағы отбасы бизнесінің тасын өрге домалатып жүргендердің бірі. Әйелдерге арналған шұлық өндірісін қолға алып, отандық нарыққа осыдан 5 жыл бұрын шығыпты.

Серік Ахметов, кәсіпкер:

Бұл форумға біз биыл бірінші мәрте қатысып тұрмыз.  Мақсатымыз - тауарымыздың сатылымын арттыру. Оны жүзеге асыруға,  осындай шағын конгресс ұйымдастырып, жан-жақтан келген кәсіпкерлердің бір-бірімен тығыз байланыс орнатуына мүмкіндік беріп отырған  ұйымдастырушыларға алғысымды айтамын.

Айта кетейік, аталған форум "Нұр Отан" партиясы қолға алған 12 ірі жобаның бірі - «Мықты бизнес-қуатты мемлекет» жобасы аясында өтіп отыр.

Маржан СЕРІКҚЫЗЫ