Футболдан әлем чемпионаты
қарсаңында көптеген елдердің құрамалары жолдастық кездесулер өткізуде. Бұл
сында Қазақстанның ұлттық құрамасы да қарап жатқан жоқ.
8 маусым күні Юрий
Красножанның шәкірттері қонақта Мажарстан командасымен күш сынайды. Жуырда
өткен жаттығу-жиындары барысында құрама ойыншылары белгілі болды. Өз кезегінде
Мажарстан футболшылары жақында Албания құрамасын қабылдады. Бірінші таймда есеп
ашылмағанына қарамастан, үзілістен кейін сауатты ойнымен көзге түскен Аттила
Пинтердің шәкірттері дегендеріне жетті. Пенальтиді сәтті орындаған Тамаш
Пришкин командасына жеңіс сыйлады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан және
Мажарстан құрамалары іріктеу жарысынан аса алмай, Бразилияда өтетін әлемдік
додадан тыс қалды.
Самат ҚАНАҒАТОВ