$499.51 €525.83 ₽4.62
×

«Бірлік» партиясы ауру балаларды қаржылай қолдау үшін қайырымдылық аукционын өткізді

AstanaTV
05.06.2014ж. 20:00
1354
«Бірлік» партиясы ауру балаларды қаржылай қолдау үшін қайырымдылық аукционын өткізді

«Қайырымды көктен күтпе, бірлігі мол көптен күт». «Бірлік» саяси партиясы осындай атаумен алғаш рет лейкемия дертіне шалдыққан балаларды қаржылай қолдау үшін қайырымдылық аукционын өткізді. Игі шарада отандық қылқалам шеберлері мен енді ғана қанаты қатайған жас буын суретшілердің жұмыстары ашық сатылымға шығарылды. Жиналған қаражат көлемі де қомақты. 20 миллионнан астам теңге. Бұл сома нысаналы бағыт бойынша қорларға құйылып, бүлдіршіндер денсаулығының жақсаруына жұмсалады.

"Бірлік" саяси партиясы өткен жылы да «Тәуелсіздік танытқан таланттар» атты байқау ұйымдастырды. Бүгінгі аукцион соның жалғасы. Айта өтейік, елімізде қатерлі дерт, ақ қан ауруымен жылына шамамен 2,5 мың бала ауырып, ем алады. Саяси партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали барлық отандастарды осындай шарапаты мол істен қалыс қалмай, ортақ күш-жігер жұмсап, мұқтаж өрендерге көмек көрсетуге шақырды.

Серік Сұлтанғали, «Бірлік» партиясының төрағасы:

Біздің бірінші өткізген фестивалімізде егемендіктің құрдастары деп айтайық, жас таланттар, жазушылар, суретшілер. Сол суретшілердің салған картиналары бүгін мына аукционда өте жақсы бағалармен сатылды. Оның барлығы қорға аударылады, ауру балаларға. Балалар балаларға көмектесіп жатыр.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА