Түркияның Бодрум қаласында өтіп жатқан түркі тілдес мемлекеттер
ынтымақтастығы кеңесінің төртінші саммиті аясында Президент Нұрсұлтан Назарбаев
Түркия басшысы Абдулла Гүлмен кездесті.
Президенттер "Жаңа
қарым-қатынас" атты біріккен экономикалық бағдарлама аясында стратегиялық
байланысты арттыру жолдарын қарастырды. Мемлекет басшысы Түркия Қазақстан өз
елінің негізгі экономикалық серіктестерінің бірі екеніне тоқталды. Сондай-ақ,
қос елдің оқу орындарында білім алмасушы жастардың саны артқаны қарым-қатынасқа
оң ықпал еткенін атап өтті.
Бүгін сондай-ақ Елбасы Түрікменстан президенті
Құрбанғұлы Бердімұхаммедовпен кездесті. Мемлекет басшылары сауда-экономикалық,
мұнай-газ, транспорт, мәдени-гуманитарлық саладағы негізгі мәселерді
пысықтады. Қазіргі таңда екі жақты байланыстың әлеуеті толық пайдаланылмай
отырғаны сөз болды. Алдағы уақытта "Қазақстан-Түрікменстан-Иран"
жаңа темір жол желісі арадағы жүк тасымалын арттыруға сеп болмақ.
Мөлдір
БАҚЫТ-ҚЫЗЫ