$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Қостанайда республикалық «Қауіпсіз аула» акциясы аясында аулалардың қауіпсіздігі тексерілді

AstanaTV
06.06.2014ж. 10:00
1626
Қостанайда республикалық «Қауіпсіз аула» акциясы аясында аулалардың қауіпсіздігі тексерілді

Қостанайда аулалардың қауіпсіздігі тексерілді. "Нұр Отан" партиясы мен пәтер иелері кооперативтері мүшелері тәртіп сақшыларымен бірлесіп, балалардың ойын алаңқайларын аралады. Ондағы әртүрлі ойын құралдары мен бүлдіршіндер ауласына көлік қозғалысының кедергі келтірмеуі қадағаланды.

Бұл шара республикалық «Қауіпсіз аула» акция аясында өтіп отыр. Тексеріс барысында аула жолдары арқылы автокөлік қозғалысы жиіліп кеткендігі анықталған. Мәселен, бұрынғы Шұға комбинаты маңындағы екі бірдей үлкен жолда құрылыс жүріп жатыр. Соның салдарынан негізі көшелермен жүре алмаған автокөліктер аулалардың арасындағы жолдар арқылы өтіп жүр. Ал бұл ойын баласына өте қауіпті. Партиялықтар тұрғын үйлер арасының айналма жолға айналып кеткенін қатаң сынға алды. Сондай-ақ, балаларға арналған футбол алаңдарының да жай-күйі тексерілді. Біразының қоршаулары қисайып, алаңқайларының кедір-бұдыры шыққан.

Енді осы тектес сын-ескертпелер қағазға түсіріліп, қалалық мәслихатқа жолданбақ. Ұйымдастырушылар бұл акцияның жаз бойы жүргізілетінін айтты. Нұр отандықтар балалар қауіпсіздігі үшін барлық қаладағы аулаларды тексеруді көздеп отыр.

Абылайхан Кәкенов, "Нұр Отан" партиясы Қостанай облыстық филиалының кеңесшісі:

Осыдан 2 жыл бұрын салынған спорт кешендері, балаларға арналған ойын алаңдарын тұрғындар сақтамайтын болса, қауіпсіздік мәселелерін мемлекет тарапынан қарау қиын болады.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ