Қазір ғана келіп түскен ақпарат. Рахат Әлиевтің Венада тұтқындалғаны хабарлануда. Шетелдік
ақпарат құралдары «Отанында адамдарды ұрлаған үшін
сотталған Рахат Әлиев бейсенбі күні кешкі уақытта тұтқындалды», - деп ақпарат таратуда.
Австрияда Әлиевті тұтқындауға ордер 19
мамырда жазылды. Әлиевтің өкілі Манфред
Айнедтер, австриялық экс-дипломат ерікті түрде берілгенін және құқық қорғау
органдарымен ынтымақтасуға ниетті екенін хабарлады. БАҚ соңғы кездері, Әлиев өзінің жаңа әйелінің тегіне жазылып, Мальтада тұрып
жатқанын хабарлады.
Бұрын Қазақстанның Австриядағы елшісі
қызметін атқарған Рахат Әлиевке 2008 жылы Отанында билікті басып алуға әрекет
жасағаны және адамдар ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ құрған үшін жалпы
көлемі 40 жылға бас бостандығынан айыруға сырттай үкім шығарылған болатын. Вена
соты 2011 жылы Әлиевті Қазақстанға экстрадициялауға бас тартқан еді, - деп
жазады «ҚазАқпарат».
Илхам ИБРАГИМ