$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Үрімші базарында жарылыс ұйымдастырғандар қолға түсті

AstanaTV
06.06.2014ж. 10:00
1042
Үрімші базарында жарылыс ұйымдастырғандар қолға түсті

Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданындағы базарлардың бірінде жарылыс жасағандар құрықталуда. Бүгін таңертең тағы 12 лаңкес ұсталды.

Ал кеше 29 адамның ұсталғанын хабарлаған болатынбыз. Оларға сепаратизм, заңсыз топтарды құру, ұлтаралық алауыздықты қоздыру, кемсітушілік сияқты қылмыстар жасады деген айып тағулыда. Ал билік өкілдері Үрімшіде теракт ұйымдастырғандар - халықаралық террорлық ұйымдармен байланыстағы діни экстремистер, деп мәлімдеді.

Айта өтейік, 22 мамыр күні Үрімші базарында жойқын жарылыс болды. Екі автокөлік адам көп шоғырланған жерге тоқтап жарылғыш заттар лақтырған. Артынша бір көлік те жарылып кеткен. Салдарынан 39 адам қаза тауып, 94 адам жарақат алды.

Илхам ИБРАГИМ