Алматы облысында жол апатынан опат
болғандар саны төрт адамға жетті. Он сегіз
адам жарақаттанған. Бұл туралы «Қазақстан жаңалықтары» агенттігі хабарлайды.
Полицияның мәліметінше, апат
Алматы-Өскемен тас жолының 39-шақырымында Әли ауылының маңында болған.
Алматыдан Талдықорғанға бет алған Mercedes Benz Sprinter мен Toyota Granvia
бетпе-бет соқтығысқан. Жеңіл көлікте болған
төрт жолаушы қаза болды. Зардап шеккен шағын автобус жолаушыларының саны 18-ге жетті. Оның ішінде 14-15 жастағы екі бала
бар.
Алдын ала болжам бойынша апатқа Toyota
Granvia көлігінің жүргізушісі кінәлі. Апат
орнында полиция қызметкерлері мен дәрігерлер жұмыс істеуде.
Мөлдір БАҚЫТ ҚЫЗЫ