Түнде Алматының Әуезов ауданында
орналасқан «Ақжол» базары өртенді. Төтенше жағдай таңғы сағат 4-тер шамасында
болды. Тілсіз жауды өрт сөндіру қызметі тек
екі сағаттан соң ауыздықтады. Оқиға орнында төтенше жағдай мамандары жүр. Әзірге өрттің шығу себептері
анықталып жатыр, деді.
Олардың дерегіне сенсек, 250 шаршы
метр аумақта орналасқан 11 контейнер өртке оранған. Дегенмен, қызыл жалынның шығуына не себеп
болғандығы белгісіз. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына электр
сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін. Дәл қазір оқиға
орнында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Сахид Мухаммад:
Менің 3 контейнерім өртенді. Онда 100 мың
доллардың тауары болған. Мындағы жұмысшылардың айтуынша, 74-ші контейнерде
электр желісінің қысқа тұйықталуы болған. Бұл - менің нанымды тауып, жеп отырған жұмысым ғой. Енді кімнен
барып көмек сұраймын? Біз жағдайға түсініктеме берер деген үмітпен базардың
әкімшілігіне бардық, бірақ онда ешкім жоқ. Есіктері жабық тұр.