Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов
Украинаның жаңа сайланған президенті Петр Порошенконы ұлықтау рәсіміне қатысты.
Сонымен қатар, сапар аясында бірқатар екі жақты кездесулер өткізді.
Украинаның премьер-министрі Арсений
Яценюкпен келіссөздер барысында Қазақстан мен Украина арасындағы
қарым-қатынастарды дамыту жағдайы мен перспективалары талқыланды. Сондай-ақ, Еуропалық кеңес төрағасы Херман Ван Ромпеймен
кездесуде Қазақстан мен Еуропалық кеңестің екі жақты сауда-экономикалық
ынтымақтастығын одан әрі нығайту және кеңейту мәселелері қаралды.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ