$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер құтқару бөлімшелерінің бірлескен оқу-жаттығуы өтті

AstanaTV
09.06.2014ж. 10:00
1200
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер құтқару бөлімшелерінің бірлескен оқу-жаттығуы өтті

Төтенше жағдай министрлігінің полигонында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер құтқару бөлімшелерінің бірлескен оқу-жаттығуы өтті.

Оқу-жаттығу тақырыбы - «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құтқару бөлімшелерінің химиялық қауіпті нысандардағы апаттарды жою кезіндегі іс-әрекеттері».

Бірлескен оқу-жаттығуға Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей мен Тәжікстанның Төтенше жағдайлар министрліктері өкілдері қатысты. Оқу-жаттығу екі кезең бойынша өтті. Бірінші кезеңде Алматы қаласы мен Алматы облыстарының аудандарының өндірісінде сценарий бойынша аммиак төгінділері орын алды, оның салдарынан химиялық зақымдану аймағы пайда болды, осы аймаққа елді мекендер де кірді. Екінші кезеңде құтқарушылар оқу орындарында үйлестіру және жедел штабпен өзара әрекеттесу кезіндегі апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара соңында ұйымға мүше мемлекеттер құтқару бөлімшелерінің бірлескен оқу-жаттығуы қорытындысы жасалды, шетел делегациясының өкілдері далалық басқару пунктімен және полигондағы оқу орындарымен танысты.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ