$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Ақтөбеде өңірлік туризм көрмесі өтті

AstanaTV
09.06.2014ж. 10:00
1168
Ақтөбеде өңірлік туризм көрмесі өтті

Ақтөбеде өңірлік туризм көрмесі өтті. Осымен 11-ші рет ұйымдастырылып отырған шараға туристтік компаниялар, мейрамханалар, демалыс орындары және спорттық туризм саласының өкілдері қатысты. Туристтік компаниялар Қазақстан табиғаты теңіздің арғы жағындағы елдерден кем еместігін көрсетуге тырысты.

Түрлі фотосуреттер мен үлгілері қойылған. Көрермендердің қызығушылығын арттырған қолөнер шеберлері болды. Олар туындыларын көпке ұсынып қана қоймай, саудасын жүргізуге де мүмкіндік алды. Қолданбалы өнерді серік еткендер ескерткіш бұйымдары мен әшекейді көптеп даярлаған. Көрмеге Ақтөбе облысының ғана емес, Алматы, Маңғыстау өңірінің өкілдері де қатысты.

Болат Атыраубаев
, зергер:

Енді халық көбіне білмейді ғой қандай шебер бар екенін. Қандай немен айналысады деп. Мынадай орталықта көрсетеміз. Сонда көреді. Қазір, мысалы, мен көріп жатырмын. Бұрын көрмеген шеберлерді жаңа көріп жатырмын. Бір-бірімізге тәжірибе, идея алмасып, ой-пікірлермен бөлісіп, өте ыңғайлы бұл.

Мансұр ЕСҚОЖИН