$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Атыраудың Жайық өзені каналында балықтар жаппай қырылып жатыр

AstanaTV
09.06.2014ж. 13:00
1813
Атыраудың Жайық өзені каналында балықтар жаппай қырылып жатыр

Атырауда Жайық өзені каналында балықтар жаппай қырылып жатыр. Қазір табиғат қорғау прокуратурасы келген залалды анықтау үшін жұмылып іске кіріскен. Себебін анықтау үшін барлық су қоймаларын тексеруде.

Облыстың Махамбет ауданына қарасты Қараөзек каналы маңында шабақтар шашылып қалған. Арнайы келген мамандар, өлгендерін санап, тірілерін суға жіберу жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, канал ұзындығы 8 метрдей. Ал аудан бойынша 20 шақты канал бар. Қазір басқа өзен каналдары бақылауға алынған. Мамандар су маржандарының қырылу себебі, гидротехникалық құрылғылардың істен шығуынан болуы мүмкін деген болжам айтып отыр.

Ақтан Қуанов, Атырау мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының көмекшісі:

Қазіргі таңда шабақтардың каналға түскен себептері анықталуда. Қазір ең негізгі мәселе - осы каналға су айдайтын гидротехникалық құрылысының заң талаптарына сәйкес келмеуі. Сонымен қатар
, Жайық-Каспий балық инспекциясына ұйғарым енгізізіліп, шабақтардың тірі қалғандарының құтқару жұмыстары атқарылды.

Базаргүл ІЗІМОВА