$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Камерун құрамасын Бразилиядағы чемпионатқа жіберетін қаржы табылды

AstanaTV
09.06.2014ж. 13:00
1177
Камерун құрамасын Бразилиядағы чемпионатқа жіберетін қаржы табылды

Камерун Бразилиядағы төрт жылдықтың басты доп додасына баратын болды. Құрама ойыншылары билікпен чемпионатта көрсететін өнерлері үшін төленетін сыйақы жайында мәмілеге келген көрінеді.

Ойыншылар біріншілікке жексенбі күні аттануы тиіс еді, алайда олар бірінші кездесу үшін ақы алмай ешқайда ұшпаймыз деген талап қойған. Қаржы жинастыруға елдің барлық банктері жұмылдырылыпты. Футболшылар мамыр айының соңында өздерінің қаржылық жағдайларына көңілдері толмайтынын айтып, наразылық танытқан. Алайда, Камерун футбол федерациясы құраманы Германия мен Молдавияға қарсы ойынға шығуға көндіріпті. Камерундықтар алғашқы кездесуді тең нәтижемен аяқтап, молдавиялықтардан басым түсті.

Айта кетейік, Бразилия біріншілігі Африка құрамасының ақтық ойындарға шыққан жетінші чемпионаты болып отыр. А тобында қара құрлық ойыншылары Бразилия, Хорватия және Мексика футболшыларымен бақ сынасады. Ұжымның бірінші кездесуі 13 маусымда мексикандықтарға қарсы жоспарланып отыр.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ