$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Қызылордада жаңа көпірдің құрылысы басталды

AstanaTV
09.06.2014ж. 13:00
1677
Қызылордада жаңа көпірдің құрылысы басталды

Қызылордада жаңа көпірдің құрылысы басталды. Ауқымды жоба келешекте Сырдарияның сол жағалауы мен оң жағалауын қосатын болады.

Құрылысқа жауаптылардың айтуынша, жаңа көпірдің ұзындығы 386 метр, ал ені 22 метр болады. Мердігер компания құрылысты екі жылда салып бітіруді міндетіне алған. Көпір құрылысына 2 жүзге жуық жұмысшы тартылып отыр. Ал, жобаның жалпы құны 6 миллиард теңгеге жуықтайды.

Айта кетейік, 2016-2017 жылдарда Сырдария өзенінің сол жағалауында жаңа шағын аудандар бойын көтермек. Бас жоспарға сәйкес, 2 мың 300 гектар жерге әлеуметтік-әкімшілік, өндірістік, мәдени нысандармен қатар тұрғын зәүлім үйлер де бой көтермек.

Тимур Нақұсов, «А.Рязанов атындағы № 25 көпірқұрылысы тобы» ЖШС басшысы:

Бұл - ауқымды жоба. Жалпы, ұзындығы 100 метрден асқан мұндай көпірлер күрделі жоба болып саналады. Өйткені, Сырдария өзені үстінен бір уақытта төрт жолақпен көлік жүруіне мүмкіндік болады.

Шарипа САҚТАПОВА