Тағы
бір шенеунік парамен ұсталды. Қаржы министрлігі республикалық көшпелі
комиссиясының төрағасы, Жамбыл облыстық қаржылық бақылау инспекциясының басшысы
Қанат Төреқожаев 4,6 млн теңге алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет
агенттігінің баспасөз қызметі хабар таратты.
Олардың дерегінше, Қанат
Төреқожаев көшпелі қызметін пайдаланып, ірі көлемде пара алғаны үшін уақытша
қамауға алынған. Шенеунікке қатысты қылмыстық іс қозғады. Қомақты қаражатты
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының бас есепшісінен
алған деп айыпталып отыр. Есесіне бюджет қаражатының жұмсалуы мен облыс
әкімдігінің мемлекеттік сатып алуды өткізуін тексеру нәтижесі бойынша, мәселені
оң шешіп берген. Қазір қылмыстың анық-қанығын арнайы мамандар тексеріп жатыр.
Ал облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы тексеру кезінде
комиссия ешқандай заңға қайшы деректер тапқан жоқ деп отыр.
Наталья
Сухорукова, Қарағанды облысының дене шынықтыру жəне спорт басқармасының
жетекшісі:
Тексеру
кезінде спорт басқармасынан ешқашан, ешбір заң бұзушылық анықталған емес. Сөйте
тұра, комиссия жетекшісі мен мүшелері есепшіден ақша талап еткен.
Айжан ҚУАШ