Қашағанды игеру бойынша бірлескен
консорциумның жұмысы бір компанияның қолына шоғырланады. Ол NCOC-дің
тәжірибесін басшылыққа алмақ. Атауы да өзгермейді.
North Caspian
Operating Company баспасөз қызметі интеграциялық процесс биыл аяқталады деп мәлімдеп
отыр. Хабарламада сондай-ақ бұл бастаманың солтүстік Каспий қайраңында
жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына ешқандай бөгет болмайтыны жазылған. Жаңа
компания қызметкерлерінің басым бөлігі Атырауда жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, компанияның Үкіметпен байланыс орнататын астаналық бөлімі де жұмыс істейді.
Еске салайық, Қашаған кен орны былтыр 11 қыркүйекте алғаш іске қосылған. Бірақ 24 қыркүйекте құбырдағы ақауға байланысты өндіріс тоқтатылды. 6 қазанда іске
қосылғанымен, үш күннен соң қайта қаңтарылды. Содан бері өндіріс тоқтап тұр.
Жөндеу жұмыстары жүрзіліп жатыр.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ