$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Инвестклиматты жақсартуға қатысты заңға толықтыру енгізілді

AstanaTV
09.06.2014ж. 20:00
764
Инвестклиматты жақсартуға қатысты заңға толықтыру енгізілді

Қазақстанда инвестициялық ахуалды жетілдіру жандана түспек. Тиісті заң жобасы Парламентте қайта қаралатын болды. Бір топ Сенат депутаттары аталған мәселе төңірегінде бас қосты. Жиында келiсiмшарттар жасау арқылы инвестициялық преференциялар ұсыну тетiгiн қамтамасыз ету жайы талқыланды.

Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Марат Құсайыновтың айтуынша, келісімшарттар шеңберінде инвесторларды мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралары бар. Атап айтқанда, 10 жылға корпоративті табыс салығы мен жер салығын төлеуден босату, 8 жылға жылжымайтын мүлік салығын төлеуден босату көзделуде. Ал нысан пайдалануға берілгеннен кейін мемлекет тарапынан инвесторлардың күрделі шығындарын 30 пайызға дейін өтеу қарастырылған. 

Марат Құсайынов, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі:

Мұндай ынталандыру шараларының топтамасы негізінен 20 миллион доллардан кем болмайтын инвестициялық жобалар үшін қарастырылады. Бұдан бөлек, инвестициялық ахуалды жақсарту үшін инвесторларға табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне 5 және одан да ұзақ жылдарға шекті тарифтер енгізу қарастырылады. Сонымен қатар, инвесторлар мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін инвестициялық омбудсмен институтын енгізу көзделеді.

Жұрағат БАМАН