Пәкістандық әуе-десант әскері Карачи қаласындағы халықаралық әуежайға шабуыл жасаған содырларға қарсы операцияны қайта жандандырды. Бұқаралық ақпарат құралдарының соңғы мәліметіне сәйкес, айлақта әлі де мылтықтың дауысы естілуде.
Бұған дейін Пәкістан армиясының өкілі Асим Баджва күш құрылымдары «Джинна» әуежайында жарылғыш зат бар-жоғын тексеріп шығып, шабуылдаған барлық содырлардың көзін жойғанын мәлімдеген еді.
Соңғы мәлімет бойынша, мерт
болғандардың саны 24 адамға жетті. Бұған дейін 21 адам
жазым болды деп хабарланған. Олардың ішінде қауіпсіздік қызметкерлері мен 10
содыр бар. Белгілі болғандай, олар әуежай терминалы мен ұшақтар тұрағын басып алмақ болған.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА