$479.05 €534.57 ₽5.17
×

АҚШ-да екі адам дүкенде атыс жасады

AstanaTV
09.06.2014ж. 20:00
1249
АҚШ-да екі адам дүкенде атыс жасады

АҚШ тәртіп сақшылары Лас Вегас пиццериаларының бірінде болған қанды қырғынның себебін анықтап жатыр. Белгісіз адамдар екі полиция қызметкері мен бір әйелді оққа байлаған. Қайғылы оқиға салдарынан 45 жастағы Алин Бек пен 32 жастағы Игорь Солдо көз жұмды. Оқ атқандардың бірі әйел адам. Ол Алин Бекты басынан атқан. Екінші тәртіп сақшысы ауруханаға жетпестен жан тапсырды.

Куәгерлердің сөзінше, қарақшылар атыс бастамас бұрын «Бұл төңкерістің басы» деп ұрандатқан. Оқиғадан кейін қылмыскерлер полицейлердің қызметтік тапаншасын қолды қылып, сауда үйлерінің біріне қашып үлгереді. Кейін дүкеннен әйел адамның денесі табылды. Бұл қарақшылардың үшінші құрбаны.

Кей ақпарат бойынша, дүкенде қылмыскерлерге қарсы оқ атылған. Келушілердің бірі қылмыскерді жарақаттап үлгереді. Кейін қарақшы әйел жараланған сыбайласына оқ атып, өзін-өзі өлтірген. Ізінше қылмыскерлердің үшіншісі де өзіне оқ атты. Лас Вегас мэрі қайғылы оқиғаны «бейкүнә азаматтарға қарсы жасалған еш мағынасыз қатыгез қылмыс» деп бағалап отыр. Қалада қаралы күн жарияланды.

Жұрағат БАМАН