$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Елордада «Астана кештері» атты III халықаралық өнер фестивалі өтеді

AstanaTV
09.06.2014ж. 20:00
2185
Елордада «Астана кештері» атты III халықаралық өнер фестивалі өтеді

Маусымның 20-сы мен 22-сі күндері елордада «Астана кештері» атты III халықаралық өнер фестивалі өтеді. Фестивальдің баспасөз қызметі хабарлағандай, мәдени шара «Дегдар» гуманитарлық қоры қамқоршылық кеңесінің төрайымы Дариға Назарбаеваның жетекшілігімен ұйымдастырылады.

«Жоба аясында 5 концерт өткізіледі. Онда Қазақстан, Ресей, Әзербайжан және Италияның танымал орындаушылары өнер көрсетеді. Бұл жоба қайырымдылық шарасы болғандықтан барлық билеттер тегін таратылады», - делінген хабарламада.

Концерттер Бейбітшілік пен Келісім сарайы мен «Астана Опера» театрының залында өтеді. 

Базаргүл ОТЫНШИЕВА