Атышулы
«Tengri TravelSystem» компаниясынан зардап шеккен шымкенттік туристердің шығыны
өтелетін болды. Оңтүстік
Қазақстан облыстық сотының апелляциялық
сот алқасы аудандық сот шығарған туристік агенттікке алданғандардың пайдасына
шешілген шешімді күшінде қалдырды.
Айта кетейік, Әл-Фараби аудандық соты
саяхатшылардың қаржысы мен өтемақысы сақтандыру компаниясы есебінен өтелсін
деген шешім шығарған болатын.
Қабыл
Дүйсенби, ОҚО сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы:
Оларға
біреуіне 2 млн 175 мың теңге, екіншісіне 1 млн 552 мың теңге және 678 мың 200
теңге көлемінде ақшаларын өндіру туралы Әл-Фараби аудандық сотының шешімі
шыққан. Алайда бұған келіспеген сақтандыру компаниясы «Сентрас Иншуранс» сол
апелляциялық шағым түсірген. Осы апелляциялық шағым бойынша ОҚО сотының
алқасында қаралып, шешімдер өз күшінде қалған.
Қазір
Әл-фараби аудандық сотында тағы бірнеше іс қаралуда. Еске салайық, 3 маусымда
«Tengri TravelSystem» туроператоры банкротқа ұшырағанын жариялаған еді.
Компания қонақ үй ақысы мен кері билет бағасын төлемегендіктен, Түркияның
өзінде 2 мыңға жуық саяхатшы далада
қалған болатын. Демалысын теңіз жағалауында өткізем деп аузы күйгендердің
арасында Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындары да болды.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ