$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Шымкент табиғи апаттан келген шығын мөлшері 272 млн 515 мың теңге

AstanaTV
10.06.2014ж. 10:00
1049
Шымкент табиғи апаттан келген шығын мөлшері 272 млн 515 мың теңге

Оңтүстік Қазақстан облысына табиғи апаттан келген шығын мөлшері 284 млн теңгеден асты. Дүлей дауыл салдарынан Бәйдібек, Төлеби және Отырар аудандарындағы әлеуметтік нысандармен қатар жекелеген үйлердің шатырлары ұшқан болатын. Бір айға жуық уақыт жүмыс істеген арнайы комиссияның қорытындысы бүгін жарияланды.

Нұрболат Дербісов, Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы:

Қазіргі шығынның жалпы көлемі, қала көлеміндегі объектілер үшін 272 млн 515 мың теңгені құрап отыр. Бұл енді бұның ішінде көп қабатты ғимараттар бар. Соның ішінде жеке тұрғын үйлер бар және мектептер, әлеуметтік мекемелер де бар. Қазіргі таңда барлық қайта құрылымдау жұмыстары жүріп жатыр. Бұл бағытта жұмыстар жүргізілетін болады.

Бұл қаражаттың жүз миллионы қала қазынасынан бөлінеді деп шешілді. Өзгесі облыстың төтенше жағдайға қарастырылған қорынан сұралып отыр.

Естеріңізге салайық, мамыр айының 11-і мен 13-і күндері секундына 25 метр жылдамдықпен қатты жел соғып, қалада төтенше жағдай жарияланған еді. Дауылдың күштілігі сонша, үлкенді-кішілі 238 нысанға зақым келген. Олардың 37-сі - білім беру, ал 7-уі - денсаулық сақтау мекемесі. Тағы 8-і - әкімшілік ғимарат. Тұрғын үйлерге де көп залал келген. 88 көп қабатты баспананың шатыры желге шыдас бермей, қалпақтай ұшқан болатын. Соның 16-сын комиссия жөндеуге жатпайды деп шешті. Себебі, құжаттары дұрыс болмаған.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ