$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Нигерияда «Боко Харам» тағы 20-ға жуық әйелді ұрлап кетті

AstanaTV
10.06.2014ж. 13:00
966
Нигерияда «Боко Харам» тағы 20-ға жуық әйелді ұрлап кетті

Хабарымызды шетел жаңалықтарынан бастаймыз. «Боко Харам» радикалды исламистері Нигериядан тағы бір топ әйелді ұрлап әкетті. 20 шақты әйел Нигерияның солтүстігіндегі Чибок қаласының маңынан ұрланған, - деп хабарлайды BBC Russian.

Радикалдар әйелдерді қарумен қорқытып, қоғамдық көлікке мінуге мәжбүрлеген. Жергілікті билік тергеу жұмыстарын жүргізуде. Нигерия әскерінің бірнеше өкілі оқыс оқиғадан хабарсыз екендерін жеткізді.

Еске салайық, бұған дейін де «Боко Харам» Нигерияның солтүстік-шығысында 300-ге жуық оқушы қыздың ұрлануын өз мойнына алған еді. Исламистер қыздарды күңдікке сатамыз деп қорқытқан. Кейін ұрланған қыздарды сотталған «жауынгерлерге» алмастыруға ұсыныс жасады.

Алайда, Нигерия билігі бұл ұсыныстан бас тартты. Сол үшін жергілікті халық бас көтеріп, билікке қарсы шықты. АҚШ билігі оқушыларды іздестіру үшін Нигерияға бір топ сарапшыны жіберді.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА