$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Батыс елдерінің Ресейге қарсы бағыттаған экономикалық санкциялары Қазақстан экономикасын тежейді

AstanaTV
10.06.2014ж. 13:00
2056
Батыс елдерінің Ресейге қарсы бағыттаған экономикалық санкциялары Қазақстан экономикасын тежейді

Батыс елдерінің Ресейге қарсы бағыттаған экономикалық санкциялары Қазақстан экономикасын тежейді. Мұндай пікірді Еуразиялық экономикалық одақ шарттарына қол қою қарсаңында бірқатар отандық сарапшылар еске салған еді.

Бұрнағы күні Алматыға келген Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабарти бұл пікірді шегелей түсті. Қазақстанның ІЖӨ-нің әлсіреуі Ресей экономикасының құлдырауымен тікелей байланысты, - дейді халықаралық банк басшысы.

Ал АҚШ пен Еуропа елдері солтүстіктегі көршіге Украиндағы саяси түйіткілдерге орай экономикалық санкция енгізуді күннен күнге күшейтіп отыр. Мұның кесірі экономикалық одақтас елдерге тек зардап әкеледі.

Сума Чакрабарти, Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті:

Біздің Қазақстан экономикасына қатысты өз болжамымыз бар. Биыл ел экономикасының даму көрсеткіші 5%-дан аспауы мүмкін. Әрине, мен бұл болжамның теріске айналып, Қазақстан экономикасының одан да ары дамығанын қалар едім. Ол үшін қолға алынған реформалар жүзеге асып, шетелдік инвесторлардың елге келуіне кедергі болмауы тиіс.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ