Аймақтардың 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасының жобасы Үкіметте мақұлданды. Бұл туралы Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев баяндады. Құжатқа
«Қолжетімді баспана 2020», тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және
«Ақбұлақ» ауыз су бағдарламасы, моноқалалар мен өңірлерді дамыту жобалары еніп
отыр. "Бұл бағдарламалар жүзеге асырылуы бойынша өзара ұқсас болғандықтан, бір
жоба аясында қарастырылды", - дейді министр.
Болат Жәмішев, ҚР Өңірлік даму министрі:
Бұл бірыңғай жобаның әзірленуі тек бағдарламаларды біріктіре салу емес.
Біздің алдымызда жаңа басымдықтарды айқындау, халықтың өмір сүруіне тиісті
жағдайлар жасау, инфрақұрылымды дамыту арқылы кәсіпкерлік пен жергілікті
тұрғындарға жағдай жасау міндеті тұр.
Сонымен қатар Үкімет отырысында 2011-2015 жылдар аралығында «Саламатты
Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы пысықталды. Еліміздегі
денсаулық сақтау саласының қол жеткізген жетістіктерінің арқасында шет елде ем
алу қажеттілігі жойылып қана қоймай, ағза алмастыру бірнеше есеге арзан әрі
сапалы болып отыр.
Салидат Қайырбекова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Шетелде бүйрек трансплантациясы 4,5 миллион теңге тұрады. Ал Қазақстанда
мұндай ота 2,1 миллионға жасалып жатыр. Осыншама ақшаға жат жерге бір адамды
жібергенше, елімізде бірнеше адамның өмірін сақтап қалуға болады. Бізде мамандар
да, озық технология да бар.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА