$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Өскеменде Германия балалары қазақтың қара жорғасын келістіре биледі

AstanaTV
10.06.2014ж. 20:00
1439
Өскеменде Германия балалары қазақтың қара жорғасын келістіре биледі

Қазақтың "қара жорғасы" еуропалықтарды да қызықтырады. Өскеменде 50 неміс баласы қазақтың қара жорғасын келістіре биледі.

Өскеменге неміс балалары қазақ халқының салт-дәстүрімен, мәдениетімен танысуға келді. Жергілікті халықтың тыныс-тіршілігіне терең үңілу үшін олар қазақ отбасыларының үйлеріне орналастырылды.

Қыздар бауырсақ пісіріп, ет асуды үйренсе, бозбалалар домбыра шертіп, қолөнердің қыр-сырын меңгерді. Дегенмен неміс жеткіншектеріне қазақтың қара жорға биі қатты ұнапты. Бүгін олар Өскемен көшесінде флеш-моб өткізіп, мың бұралып би биледі.

Николас, Мюнхен қаласының тұрғыны:

Неміс халқында да ұлттық билер көп. Біз оларды түрлі мерекелерде билейміз. Қара жорға биінің қимылдары маған қатты ұнады. Адамды жігерлендіреді. Бір уақытта көп адамның билегені де көңілді. Үйге қайтқанда, міндетті түрде достарымды осы биге үйретемін. Әуенін ұялы телефоныма жазып алдым.

Қанат ОРАЛБЕК