Үндістандағы Ресей Федерациясының
елшілігі және турагенттіктер ірі жол көлік апатында екі ресейлік азамат мерт
болып, тағы біреуі із-түссіз жоғалғанын растады. Тағы 10 адам күрделі дене
жарақаттарын алған.
Кеше Үндістанның солтүстігіндегі
Уттаракханд штатында туристтер отырған автобус аударылып, өзенге түсіп кеткенін
хабарлаған едік. Белгілі болғандай, шағын автобус үнді халқының қасиетті жері
Ганготриге бет алған.
Жергілікті БАҚ қызметкерлері, жазым
болғандардың саны 14-ке дейін жетуі мүмкін деген болжам жасады. Алайда, оқыс оқиға жеріне жеткен полиция қызметкерлері бұл
ақпаратты жоққа шығарды.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА