$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Ирандық ғалымдар елде плутонийдан ядролық бомба әзірлеуге жеті жарым жыл кетеді деп топшылайды

AstanaTV
11.06.2014ж. 13:00
1318
Ирандық ғалымдар елде плутонийдан ядролық бомба әзірлеуге жеті жарым жыл кетеді деп топшылайды

Ирандық ғалымдар елде плутонийдан ядролық бомба әзірлеуге жеті жарым жыл кетеді, деп топшылайды. Нuclearenergy сайты осы тақырыптағы зерттеуді жариялаған.

Онда болжаммен ирандық ғалымдар ядролық қару әзірлеуге кіріседі. Зерттеушілер қазіргі таңда Иранда айтарлықтай плутоний қоры жоғын түсіндіреді. Химиялық қоспаны тек Ирактағы реактор іске қосылған соң, 2015 жылы өндіруге мүмкіндік туады. Ал бір ғана ядролық бомбаны әзірлеуге қажетті қоспаны 18 бен 24 аптаның ішінде өндіре аласың. Бұл осы сәуірде АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керридің ол небәрі екі ай ішінде мүмкін деген мәлімдемесіне қайшы.

Сайтта зертеудің шынайы жағдайға қатысы жоғы ескертіледі. Сондай-ақ, Иран билігі ядролық бағдарлама бейбіт мақсатты көздейтініне сендірген.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ